Әлем чемпионаты. Төрттіктің қайсысы чемпион болады?

2228

Бүгін Әлем чемпионатының жартылай финалы. Алаңға Аргентина мен Хорватия шығады.

Әлем чемпионаты. Төрттіктің қайсысы чемпион болады?

Аргентина құрамасы осы Әлем чемпионатында ойнаған барлық кездесуінде гол салған жалғыз команда. Шабуылы өте күшті. Хульен Альварес осы біріншілікті толықтай ашылды. Лаутаро Мартинес те сенімділіктен айырылғанымен, өткен ойында пенальтиді сәтті орындап күшіне мінді. "Брайтонда" ойнайтын Маккалистер мен Энцо Фернандес ортаны тұсап ұстап тұр. Лео Мессидің алаңда жүруі Аргентинаға керемет күш береді. Тек өткен ойында сары қағаз алған Акунья бүгінгі ойынға қатыспайды. Қалғаны түгел құрамда. Аргентина сапында осы Әлем чемпионатында әлі мүлде алаңға шықпаған тың ойыншылар да бар екенін айта отырайық. Мысалы, Пауло Дибала бүгінгі матчта алаңға шығып қалуы ықтимал.

Хорватия құрамасы күллі жанкүйерлерді таңқалдырып келе жатыр. Топтық кезеңнен шыққаннан кейін бұл команда құлпырып сала берді. Жапония командасынан жеңіліп жатып, есепті теңестіріп жіберді. Пенальти сериясында еш мүмкіндік қалдырмай, келесі кезеңге өтті. Үш пеналти тосқан Ливакович шақпақ жейделілерді ширек финалға алып шықты. Мұндай Хорватия Бразилиядан жеңіліп жатқан еді. Алайда, ойын соңында теңестіріп кетті. Сосын тағы да пенальти сериясында бағы жанды. Аргентина секілді азулы командаға қарсы ойында тағы да экстра-тайм ойнағысы келетіні белгілі. Егер жағдай пенальтиге тақалса онда фаворит еуропалықтар. Алайда, Аргентинаның азды-кем тәжіриьиесі бар. Олар Нидерланды құрамасына қарсы кездесуде 11 метрліктің көмегіне жүгінді.

Бүгін Астана уақытымен түнгі 01:00де басталатын бұл ойыннан кейін біз Қатар 2022 додасының алғашқы финалисінің есімін білеміз. Лео Месси бастаған Аргентина немесе Лука Модрич қостаған Хорватия болуы тиіс. Ойын төрешісі Мексикалық Сесар Рамос. Матч "әл Баит" стадионында ойналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу