Әлем чемпионаты. Якоб Фульсанг – топтық кезеңде 5 келді

1411

Имолада өткен 258 шақырымдық ауыр топтық кезеңнен кейін Дания атынан сынға түскен "Астана Про Тим" шабандозы Якоб Фульсанг 5-орыннан көрінді.

Әлем чемпионаты. Якоб Фульсанг – топтық кезеңде 5 келді

Фульсанг жарыстың жеңімпазы атанған франциялық Жулиан Алафилиптің артынан 24 секундтан соң мәре сызығын кесті. Француз шабандозы соңғы асуда шабуылға шығып кетіп еді, Якоб оны қуып жетуге тырысты. Бірақ, әр тарамға бөлінген бәсекелестер бірігіп із қуып үлгермеді де.

Спринтпен аяқталған жарыста Якоб Фульсанг 4-орын иемденді, алайда жалпы қорытынды бойынша 5 сатыға тұрақтады. Ал күміс жүлдені Ваут ван Арт иемденсе, қола жүлде Марк Хиршиге бұйырды.

"Астана Про Тим" шабандоздары Әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетті деп айтуға болады. Бастапқыда Қазақстан намысын қорғаған Дмитрий Груздев пелотоннан оза шапты. Бұл шабуылды қалың топ қуып жетіп алғаннан кейін, тағы бір қазақстандық шабандоз Даниил Фоминых жарыс күнінің көшбасшысы болған топтың ішіне ілініп кетті. Нәтижесінде Фоминых 150 шақырым жолда пелетонның алдында болды.

Ал соңғы шақырымдар қалғанда алға озған топтың ішінде Вадим Пронский, Юрий Натаров (екеуі де - Қазақстан), Луис Леон Санчес (Испания), Йонас Грегаард Вилсли (Дания), Уго Уль (Канада), Мерхави Құдыс (Эритрея) және Мигель Анхель Лопес (Колумбия) секілді шабандоздар болды. Сонымен, Фульсангтан кейін 5 болып келген Лопес жалпы есепте 41-орында, Пронский 49-орында, Санчес – 52-орында, Грегаард Вилсли – 60-орында, Уль – 61-орында, Құдыс – 67-орында және Натаров – 74-орында жарысты аяқтады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу