Онда Жапония мен Швеция құрамалары өзара мықтыны анықтауға тырысып көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесудің бірінші бөлігінде гол соғылмады. Үзілістен соң жапондар сапынан 56-минутта Дайзен Маэда мергендігімен танылды.
Десе де, Швеция арада 6 минут өтер-өтпестен таразы басын теңестіріп кетті. 62-минутта Энтони Эланга ғажап соққы жасап, есепті 1:1-ге жеткізді.
Осы ойыннан соң Жапония 5 ұпай жинап, F тобында 2-орынға ие болды және әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды. Плей-офф кезеңінде жапондар азулы Бразилия құрамасымен кездеспек.
Ал Швеция 4 ұпаймен топта үшінші орынға жайғасты. Енді скандинавиялықтар басқа топтардағы нәтижелерді күтуге мәжбүр. Еске салайық, үздік үшінші орын иегерлеріне де плей-оффқа шығуға мүмкіндік бар.