Әлем чемпионатына қатысатын хоккейшілердің есімдері белгілі болды

890

14 мамыр күні Қазақстан құрамасы Хельсинкиде шайбалы хоккейден Әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін Дания құрамасына қарсы өткізеді.

Әлем чемпионатына қатысатын хоккейшілердің есімдері белгілі болды

Бапкерлер штабы алдағы чемпионатқа қатысатын хоккейшілердің соңғы тізімін жариялады. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Михайлис турнирде өнер көрсететін хоккейшілерге қатысты пікір білдірді.

- Тізімге қазіргі уақытта физикалық жағынан жақсы хоккейшілер ғана енді. Даррен әр жаттығу сайын жақсарып келеді және Әлем чемпионатының басталуына дейін дайын болады. Женя Рымаревқа келер болсақ, Латвияға қарсы екінші ойында қапталға барып соғылып, жарақат алды. Әлем чемпионатында өнер көрсете алмайтын болды. Маусым басталғанша қалпына келеді деп ойлаймын.

- Дмитрий Гренц оқу-жаттығу жиынына екінші рет шақырылып, неге тағы да негізгі құрамда жоқ?

- Димаға жылдамдық қосу керек. Ал жекпе-жекте ең басты қағида - жеңіске жету. Орталық шабуылшы ретінде ол жақсы пас шығарады, техникалық тұрғыдан да жақсы. Бірақ, қорғаныста әлі де көп жұмыс істеу керек.

- Иван Степаненконың жоқтығы да айтарлықтай біліне ме?

- Иван да Латвияға қарсы бірінші ойында жарақат алған болатын. Біз оны алдыңғы қатарға қоюды жоспарладық. Нұр-Сұлтандағы оқу-жаттығу жиынында жақсы дайындалды. Физикалық тұрғыдан да дайын болды. Мен Батырлан Мұратов туралы бұрын да айтқан болатынмын. Техникалық шабуылшы, бірақ турнир өтпелі және әзірге ол алғашқы екі құрамға іліге алмайды. Жас хоккейшілеріміз – Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Денис Каратаевқа және жалпы оқу-жаттығу жиынының барлық кезеңдеріне қатысқан жас ойыншыларға мың алғыс. Жігерлі екендерін көрсетті. Бұл бізге сенімділік сыйлағандай болды, жастық күш-жігермен команданы жандандырды. Оларды "Барыстың" оқу-жаттығу жиындарына шақырып, одан әрі қарай ұлттық құрамаға жіберуге болады деп ойлаймын.

Соңғы тізімге 25 хоккейші - 3 қақпашы және 22 ойыншы кірді.

Қақпашылар: Андрей Шутов ("Барыс"), Сергей Кудрявцев ("Южный Урал", Орск қаласы), Илья Румянцев ("Арлан")

ҚорғаушыларӘділ Бекетаев, Самат Данияр, Валерий Орехов, Егор Шалапов (барлығы "Барыс"), Джесси Блэкер ("Автомобилист"), Даррен Диц (ЦСКА), Леонид Метальников ("Адмирал"), Виктор Сведберг ("Авангард")

Шабуылшылар: Павел Акользин ("Металлург"), Әлихан Әсетов,  Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев,  Аркадий Шестаков (барлығы "Барыс"), Кертис Волк ("Автомобилист"), Саян Данияр, Михаил Рахманов (екеуі де "Сарыарқа"), Кирилл Панюков ("Ак Барс"), Роман Старченко (НСА), Дмитрий Шевченко ("Авангард").

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу