Әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті

220

Бүгін тағы 4 боксшымыз жартылай финалда шаршы алаңға шығады. 

Әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті Фото: informburo.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Теміртас Жүсіпов Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жартылай финалда отандасымыз ресейлік Эдмонд Худоянға 0:5 есебімен жол берді. 

37 жастағы Теміртас Жүсіпов – қазақ әуесқой боксының аңызы. Ол – әлем чемпионы (2021), Азия чемпионы (2013, 2019), сондай-ақ WSB сериясының чемпионы (2015), Әлемдік әскери ойындардың (2019) және әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатының (2021) жеңімпазы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы.

Сондай-ақ, бүгін рингке Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) шығады.

Әлем чемпионаты 4-13 желтоқсан аралығында өтуде. Турнир жеңімпаздары 300 000 доллар, күміс жүлдегерлер 150 000 доллар, қола жүлдегерлер 75 000 доллар, ал ширек финалға шыққан боксшылар 10 000 доллардан алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу