Аталған жарыс ел құрамасы үшін сәтті болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Араға 10 жыл салып, 96 келідегі ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы жеңімпаз атанса, 102 келіде Артем Антропов үздік деп танылды. Сондай-ақ, Алексей Чуркин өз мансабында екінші рет әлем чемпионатының жүлдегері атанып отыр. Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алған.
Барлығы 92 мемлекет қатысқан бәсекенің жалпы жүлде кестесі:
1. Солтүстік Корея: 9 алтын, 5 күміс, 2 қола,
2. Қытай: 4 алтын, 2 күміс, 3 қола,
3. Қазақстан: 2 алтын, 1 күміс.
1993 жылдан бері қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында 7 алтын, 9 күміс, 8 қола медальға қол жеткізген.
Соңғы он жылдықтағы жетістік мынадай:
- 2014 жыл – 3 алтын, 1 күміс, 1 қола.
- (94 келі – Жасұлан Қыдырбаев, 105 келі – Илья Ильин, 53 келі – Зүлфия Чиншанло),
- 2015 жыл – 2 алтын, 1 күміс, 1 қола
- (77 келі – Ниджат Рахимов, 105 келі – Александр Зайчиков).
- 2018 жыл – 1 күміс, 2 қола,
- 2019 жыл – 1 күміс,
- 2021 жыл – 1 алтын
- (55 келі – Арли Чонтей),
- 2022 жыл – 1 күміс, 1 қола,
- 2024 жыл – 2 алтын, 1 күміс.