Бұл туралы өңірдің федерациясы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қарағанды облысының бокс федерациясы атынан Камалутин Халиков әлем чемпионы Аида Әбікееваға тамаша сыйлық – жаңа автокөлік табыстады. Бұл – оның ерен еңбегі, жігері мен табандылығы үшін лайықты марапат. Аиданың бұл жетістігіне шын жүректен қуанып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты танытып жүрген дарынды спортшымызбен мақтанамыз. Бұл жеңіс – үлкен жолдың бастауы ғана болсын, алдағы мақсат – Олимпиада алтыны болғай!", - деп жазылған хабарламада.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                                                    