Әлем чемпионы анықталды

1211

14 партияда бірін-бірі жеңе алмаған шахматшылар тай-брейкте тартысты кездесу өткізді.

Әлем чемпионы анықталды

Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өткен тай-брейк кездесуінде қытайлық Дин Лижэнь  ресейлік Ян Непомнящий басым түсті. Осылайша ол 17-ші әлем чемпионы атанды. Олар 14 партияда жеңімпазды анықтай алмады - 7-7. Бірақ тай-брейкте Дин Лижэньнің жолы болды. Рапид бойынша алғашқы үш ойын тең аяқталса, төртіншісінде қытайлық шахматшы 68 жүрістен кейін қара фигуралармен жеңіске жетіп, тай-брейкте 2,5-1,5 есебімен чемпиондық атаққа ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионы атағы норвегиялық Магнус Карлсен чемпиондықты қорғаудан бас тартқаннан кейін бос қалды. Непомнящий Карлсеннен екі жыл бұрын шахмат тәжі үшін болған шайқаста жеңіліп қалған болатын. Ал Лижэнь Қытай тарихында мұндай деңгейге жеткен алғашқы шахматшы болды.

Турнирдің жүлде қоры екі миллион еуроны құрайды. Мықтылар тай-брейкте анықталғандықтан, жеңімпаз жүлденің 55 пайызын, жеңілген шахматшы 45 пайызын алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу