Әлем чемпионы Мерей Ақшалов Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы болды

425

М.Ақшалов – "Құрмет" орденінің иегері.

Әлем чемпионы Мерей Ақшалов Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы болды Фото: instagram.com/qajymuqan.sport

Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Мерей Төлегенұлы Ақшалов ҚБФ бас хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Мерей Ақшалов 36 жаста, бокстан әлем және Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

Мерей Ақшалов 1988 жылы 8 мамырда Абай облысы Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

2004 жылы кадеттер арасында Азия чемпионы атанған М.Ақшалов Бейжің Олимпиадасына қатысты.

2013 жылы әуелі Азия, кейін әлем чемпионы атанды. Осы жылдың қорытындысы бойынша "Азияның үздік боксшысы" және Қазақстанда "Жылдың үздік спортшысы" атағына ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу