Әлем экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін бе?

4090

Әлем нарығы өткен жылдағыдай құлдырау алдында тұр.

Әлем экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін бе?

Apple, Google және Amazon сияқты ірі компаниялар акцияларының 3 пайызын, Exxon Mobil 4 пайызын жоғалтты. Банк секторының жағдайы да мүшкіл. Сейсенбі күнгі сауда соғысының сәл бәсеңдеуі нарыққа айтарлықтай оң әсерін тигізбеді. 

Инвесторлардың қауіпсіз активтерге ауысуы АҚШ-тың  мемлекеттік облигациялар табысы ауытқымасының инверсия күйіне өтуіне әкеліп соқты. Мұндай құбылыс 14 жыл бұрын тіркелген. Яғни бұл экономикалық құлдыраудың алғашқы белгісі саналады.

Шикізат нарығындағы ахуал да тұрақсыздық танытуда. Мұнай бағасы 5 пайызға арзандап,  керісінше, алтынға деген сұраныс артып, 1 пайызға көтерілді.

Айта кету керек, былтыр да дәл осындай нарықтың күйреуі болған еді. Ол кезде АҚШ пен Қытай сауда келісімін жасап, индекстер көтерілген болатын. Бірақ ол көпке созылмады. Қазір де дәл осындай құбылыс қайталанып отыр.

Бірқатар сарапшының айтуынша, құлдыраудың алдын алу үшін АҚШ-тың Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені тағы да белсенді түрде төмендетуі тиіс.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу