Әлем елдері балаларға қанша ақша береді?

​Елімізде биылдан бастап "Ұлттық қор – балаларға" жобасы іске қосылды. 

Әлем елдері балаларға қанша ақша береді? Фото: canva.com

Әр қазақстандық балаға жыл сайын 100 доллар аударылып отырады. Бұл жаңашылдықты қазақстандықтар екі түрлі көңіл-күймен қабылдады. Бірінші топ мемлекеттің қамқорлығы десе, екіншілері бұл қаржының үй немесе білім алуға жетпейтінін айтып жатыр. Осы ретте халықаралық тәжірибедегі бай мемлекеттердің өзінің жаңа туған азаматтарына беретін сыйақы мөлшерін салыстырып көрмекпіз.

БАӘ

БАӘ азаматы тек осы елдің азаматтарының отбасында туылу арқылы ғана бола алады. Олар елдің жалпы халқымен салыстырғанда үштен бірінен аз. Мемлекет жаңа азаматты барлық жағынан толық қолдайды, ата-аналарды балалы болуға ынталандырады.

Мысалы, үйлену тойына дейін жастар БАӘ-нің неке қорынан пайызсыз несие ала алады, әрқайсысы шамамен 20 000 доллар және оны өтеу онша қажет емес. Отбасында бала туылғаннан кейін несие автоматты түрде төленген болып саналады.

Бірақ БАӘ ата-аналарды бір несиемен қуантпайды. Жаңа азаматтың дүниеге келгені үшін бақытты ата-аналар 50 000 доллардан 200 000 долларға дейін, ал қажет болған жағдайда үй де алады. Бұл шейх тұратын сарай болмаса да, кішкентай вилла да жас отбасы үшін керемет сыйлық.

БАӘ төлем көлемін жынысына байланысты бөлуді мойындамайды. Алайда ұл туғанда қызға қарағанда көбірек төленеді. Болашақта ер адам жұмыс істеп, елге табыс әкеледі деп есептеледі.

Мұнай мен газдан түсетін кірістер және олардың артықшылықтарын пайдаланатын аздаған азаматтарға мемлекет болашағын қамтамасыз ету үшін шот ашады. Бала 18 жасқа толғанда шамамен 100 000 доллар жиналады.

Азаматтардың жеке табысы өте жоғары болғандықтан, әмірлік азаматтарының 15 пайызын несиелер және тегін үй қызықтырмайды.

Норвегия

Норвегиялық балалар, дәлірек айтсақ, олардың ата-аналары 18 жасқа толуына дейін айына 150 доллар алады. Егер анасы декреттік демалысқа шыққанға дейін жұмыс істемесе, онда нәресте туғанда оған шамамен 5000 доллар төленеді. Босанған әйелдер үшін төлемдер жиынтық табыс негізінде есептеледі. Декреттік және босану кезінде мемлекет жалақы және тегін медициналық көмек көрсетеді.

Бір жасқа толғаннан кейін норвегиялық сәбилердің көпшілігі балабақшаға барады. Балабақшалардағы орындар санымен салыстырғанда балалар көп болғандықтан, жолдамасыз қалған баланы күту үшін ата-аналарға айына шамамен 560 доллар төленеді. Бұл 3 жасқа дейін төленеді.

Кувейт

Парсы шығанағындағы басқа араб елдері сияқты, Кувейт те мұнай өндіру арқылы дамуда. Ел кірісінің 10 пайызы болашақ ұрпақтың ерекше қорына бөлінеді. Қазбалардың табиғи қоры шексіз емес, мемлекет ел халқының өсуі мен білім алуына инвестиция салады.

Азаматтардың санын толықтыруға ынталандыру үйлену тойынан басталады. Күйеу жігіттің 240 000 доллар несие алуға құқығы бар. Жаңадан үйленген жігіттің жалақысынан шамамен 20 доллар ұстап қалып отырады. Несиені осындай қарқынмен өтеу үшін қажет бірнеше ғасырлар бойы ешкім өмір сүрмейтіні түсінікті. Яғни іс жүзінде мұндай несие Үкіметтің сыйы болып отыр.

Отбасын құру үшін тұрғын үй салуға 1 миллион долларға дейін несие бөлінеді. Ал мұнай қымбаттаған кезде мемлекет халықтың несиелерін ішінара немесе толығымен автоматты түрде өтейді.

Баланың туылуына ақша берілмейді, бірақ банкте есепшот ашылады. Бастапқы сома – 3 000 доллар, пайыздар мен толықтырулар есебінен ол 18 жасқа қарай айтарлықтай өседі, ал ересек балалар жеке капиталымен жаңа өмірге енеді.

Көп балалы болу ынталандырылады. 5 балалы отбасыға олар жұмыс істей бастағанға дейін ай сайын 200 доллар төленеді. Ал жұмыс істемейтін аналарға 300 доллар беріледі.

Сонымен қатар бала ел ішінде де, әлемдегі ең жақсы мектептер мен университеттерде де кез-келген білім алуға құқылы. Бәрі үшін сол қор төлейді. Қор есебінен оқитын студент стипендиясы басқа студенттерге қарағанда 3 есе жоғары болады. Медициналық көмекке мұқтаж болса, тегін болады. Кувейттің өзінде қажетті маман болмаса, шетелдік клиникадан мемлекет ақшасына шақырылады.

Тек балалар өлімінің көрсеткіштері екіұшты. Барлық қолдауға қарамастан, Кувейтте бала өлімі өте жоғары және еуропалық деңгейден 3-5 есе жоғары. Екінші және әрбір кейінгі бала 6 жасқа толғаннан кейін мемлекет жеке шотындағы ақша мөлшерін 6 000 долларға дейін екі есеге арттырады.

Австралия

Балалар неғұрлым көп болса, соғұрлым көп ақша беріледі.

Әрбір жаңа туған австралиялық шамамен 3 000 АҚШ доллары сыйақы алады. Егер бір уақытта үш немесе одан да көп бала туылса, онда жыл сайын ата-аналарға егіздер 16 жасқа толғанға дейін осы сома төленеді.

Бала тууға арналған жәрдемақы 2004 жылдың шілдесінде бекітілді және шілденің бірінші күні ел тарихында жаңа туған нәрестелердің ең көп саны тіркелді.

Отбасыларға әр түрлі жастағы және мөлшердегі балалардың шығындарын өтеуге көмектесетін әртүрлі отбасылық салық жеңілдіктері бар. Күтім шығындарын өтеу бағдарламасы, тағы бір бонус – балаға қажетті қызметтердің (білім беру, медициналық және т.б.) бекітілген тізіміне шығындардың жартысын жабуға мүмкіндік береді.

Австралияда балабақша шығындарын, соның ішінде отбасылық, демалыс клубтарын өтеу үшін бала күтімі бойынша жәрдемақы төленеді. Ата-анасының орнына ата-әжелеріне, күтушілеріне немесе сәбилерге күтім жасайтын достарына төлеуге болады. Бұл сома аптасына 212 доллардан немесе сағатына 4,24 доллардан аспайды. Мектеп оқушылары күтімі 15 пайыз арзанырақ.

Баланың туылуына байланысты 2,5 мың долларды мемлекет бірден төлемейді. Жәрдемақының үштен бір бөлігі туылған кезде, тағы да бір осындай бөлігі кішкентай ирландиялықтың төрт жасқа және он екі жасқа толғанда банктегі шотына аударылады. Ең төменгі 155 доллар жәрдемақы бала 7 жасқа толғаннан кейін ай сайын төленеді (2009 жылғы дағдарысқа дейін 18-ге дейін төленген).

Ирландияның тағы бір ерекшелігі, балаларға арналған жәрдемақылар ЕО-дан келген еңбек мигранттарының сәбилеріне де төленеді. Балаларды ата-анасымен бірге болуы міндетті емес. Мұндай төлемдер қосылатын сомалар жылына ондаған миллион долларға жетеді және олар Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы туралы пікірталастың бір себебі болды. Азаматтар мен заңды иммигранттар босанғанда бір реттік төлем үшін 2 160 доллар алуға құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу