Әлем киберқылмыстар салдарынан шығынға ұшырайды

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
11685

Шығын көлемі 2 трлн доллардан асып түсуі мүмкін.

Әлем киберқылмыстар салдарынан шығынға ұшырайды

Германиялық Munich Re Group қайтасақтандыру компаниясының хабарлауынша, 2019 жылы киберқылмыстан келетін шығын көлемі 2 трлн доллардан аспақ. Ал киберсақтандыруға жұмсалатын шығындар 7,5 млрд доллардан асып түспек. Сондықтан 2020 жылға қарай киберсақтандыру нарығының аумағы кеңея түседі деген болжам бар.

"Киберсақтандыру – сақтандыру нарығында қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі. Кибершабуылдардың түрлері өте көп. Олар сервистік жұмысты істен шығаратын шабуылдардан бастап, қауіпті бағдарламалар мен вирустарды таратумен жалғасады. Тіпті, бопсалау фактілері де тіркеліп жатады. Шабуылдарды бірден анықтау мүмкін емес. Сондықтан кибершабуылдардан сақтандыру қажет", – дейді сақтандыру нарығының сарапшысы Нұрмұхамед Төлбаев.

Оның айтуынша, қазақстандық компаниялар электрондық алаяқтықпен, кибертерроризммен, хакерлік шабуылдармен әлі бетпе-бет келе қойған жоқ. Дегенмен, бірқатар отандық банк клиенттерінің шоттарынан қаржы жымқыру фактілерінің тіркелгенін жақсы білеміз.

"Қазірдің өзінде киберқылмыскерлер өз белсенділіктерін арттырып отыр. Ал біздің нарықтың олар үшін қашан тартымы болары әлі белгісіз", – дейді сарапшы.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу