Милад Карими Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды

362

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан гимнастикадан Әлем кубогында қазақстандық Милад Карими күміс медаль алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Милад Карими Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды Фото: Тұрар Қазанғапов / Ұлттық Олимпиада комитеті

Ол еркін жаттығу сайысында 14,300 ұпай жинады. Бұл 2-орын алуға мүмкіндік берді. 

Сайыс барысында беларусьтік Егор Шарамков (14,600) жеңіс тұғырына көтерілді. Ал үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13,633) түйіндеді.

Милад Карими 1999 жылы дүниеге келген. 2023 жылы әлем чемпионатында еркін жаттығудан қола медаль алды. Ал Азия чемпионатында бір мәрте чемпион атанса, үш мәрте күміс, төрт мәрте қола жүлдегер атанды. 

Сондай-ақ, Жазғы универсиада бір алтын, екі күміс, бір қола алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу