Тағы бір отандасымыз спорттық гимнастикадан күміс еншіледі

308

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогында ел құрамасы қоржынына тағы бір күміс жүлде түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тағы бір отандасымыз спорттық гимнастикадан күміс еншіледі Фото: olympic.kz

Бұл жолы Дмитрий Патанин 2-орын алды. Гимнастшы қоссырықтағы жарыста төрешілердің шешімі бойынша 13,400 ұпай жинады. Осылайша, екінші орынға табан тіреді.

Аталған сайыста жапондық Казуки Мацуми (14,200 ұпай) чемпион атанса, үздік үштікті хорватиялық Петар Вефич (13,033 ұпай) түйіндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу