Зейнолла Ыдырысов Әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

220

Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зейнолла Ыдырысов Әлем кубогында қола жүлдеге ие болды Фото: meta-ratings.kz

Ол ат снарядындағы жаттығулар финалында сәтті өнер көрсетіп, төрешілердің шешімі бойынша 14,400 ұпай жинады.

Жеңісті америкалық Брэндон Дэнг (14,633) иеленді. Екінші орынды Патрик Хупс (АҚШ) – 14,533 ұпаймен алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Милад Карими (еркін жаттығу) мен Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жаттығу) күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу