Әлем тарихындағы ең жойқын зілзалалар

2564

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан мыңдаған адам көз жұмып, одан көбі жарақат алды, жүз мыңдаған адам үй-күйсіз қалды. Құрбандар мен зардап шеккендер саны сағат санап өсіп бара жатыр.  

Әлем тарихындағы ең жойқын зілзалалар Фото: ашық дереккөзден

Әлемде жылына әртүрлі есеп бойынша ірілі-ұсақты 100 мыңға жуық зілзала тіркеледі екен. Ірі деңгейде жер сілкінісінің саны шамамен бір жылда 100-ге жуықтайды. Ең ірі деген зілзала сирек болғанымен, салдары алапат болып шығады. Іnbusiness.kz тілшісі осы ретте әлемдегі ең ірі зілзалалар тарихын шолып шықты.

Жапония тарихындағы ең ірі жер сілкінісі

1923 жылдың 1 қыркүйегінде Жапонияның Канто аймағында адамзат тарихындағы ең жойқын жер сілкінісінің бірі тіркелді. Оның магнитудасы 8,3 бал болды. Апат салдарынан Токио мен Йокогама толығымен қирап қалды. 

Ресми мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 174 мың адамды құрады. 542 мың адам із-түзсіз жоғалып кетті. Зардап шеккендердің жалпы саны 4 миллионға жуық адамды құрады. 694 000 үй мен ғимарат толық, 381 000-ға жуығы ішінара күйреді.

Ирандағы ең көп адам шығыны тіркелген зілзала

Дамғанда 856 жылдың 22 желтоқсанында болған жер сілкінісінің күші 7,9 балды құрады. Кейінірек анықталғандай, жер сілкінісінің ошағы қаланың өзінен алыста болмаған. Бұл аймақты қоршап тұрған геология кешені Альборз тауларының бойында шамамен 350 шақырымды құрайтын максималды қирау аймағын ұлғайтты. Ахевану, Таш, Бастам және Шахруд қалалары күйреді. Оларға жақын барлық ауылдар қатты зардап шегіп, толығымен жойылды. Апат 200 мыңға жуық адамның өмірін қиды.

Гаитидегі зілзала. 200 мың адам опат болған 


2010 жылдың 12 қаңтарында Гаити Республикасында болған жер сілкінісі 222 570 адамның өмірін қиды. Ресми мәлімет бойынша, 311 мың адам түрлі жарақат алған. Апат салдарынан келген материалдық шығын көлемі 5,6 миллиард еуроны құрады. Жер сілкінісінің ошағы Гаити Республикасының астанасы Порт-о-Пренс қаласынан 22 шақырым жерде орналасқан. Алғашқы жер асты дүмпуінің күші 7 балды құрады. Осыдан кейін сілкініс тағы да қайталанды. Кейбірінің күші 5 балдан жоғары болды.

Гянджадағы жер сілкінісі

1139 жылы 30 қыркүйекте Гянджа қаласының маңында жер сілкінісі болып, 230 мыңға жуық адамның өмірін қиды. Тарихшылардың айтуынша, элементтердің соққысының күшті болғаны сонша, соның кесірінен Қапаз тауы құлап, онымен өтетін Ақсу өзенінің арнасын жауып тастаған. Соның ізінше сегіз көл пайда болған, оның бірі – Гойгөл. Қазір ол 1965 жылы құрылған Гойгөл қорығына кіреді.

Алепподағы апат

Гянжадан бір жыл бұрын тарихтағы ең жойқын жер сілкінісі болды. 1138 жылы 11 қазанда 8,5 балдық апат 230 000-нан астам адамның өмірін жалмады. Алеппо халқы бірнеше ғасырдан кейін ғана қалпына келтірілді. Алепподағы жер сілкінісі – 1138-1139 жылдары орын алған және қазіргі Сирияның солтүстігінде, Түркияның оңтүстік-батысында, кейінірек Иран мен Әзірбайжанда болған жер сілкіністері сериясының бір бөлігі еді.

Адам өлімі ең көп тіркелген зілзала Үнді мұхитында болған

Әртүрлі мәлімет бойынша, Үнді мұхитындағы жер сілкінісінен 228 мыңнан 300 мыңға дейін адам қаза тапқан. Апат 2004 жылы 26 желтоқсанда Үнді мұхитында Суматра аралының маңында басталды. Түрлі есеп бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 9,1-ден 9,3 балға дейін жеткен. Бұл тарихтағы ең күшті апаттың бірі. Жер сілкінісі цунами туғызып, ол 14 елдің жағалауына жетті. Ол тіпті эпицентрден 6900 шақырым жерде орналасқанына қарамастан Оңтүстік Африкадағы Порт-Элизабет жағалауына дейін жеткен. Кейбір жағдайда биіктігі 20 метрден асатын толқындар жағалауларды жайпап кеткен.

Гансу мен Шэнсидегі зілзала


 

1920 жылы 16 желтоқсанында Қытайдың Гансу және Шэнси провинцияларында жойқын жер сілкінісі болды. Оның алғашқы соққысының күші 7,8 балға жетті. Осыдан кейін үш минутқа созылған бірнеше соққылар болды. Олардың күшті болғаны сонша, кесірінен пайда болған жер қыртысы тұтас ауылдарды көміп тастады. Бұл табиғи апаттан қаза тапқандардың жалпы саны 270 000 адамға жеткен. Көп адам үй-күйсіз қалып, суықтан қайтыс болды. Барлығы Қытайдың жеті провинциясы мен ауданы зардап шекті. Жойылған аумақ 3,8 мың шаршы шақырымды құрады.

Византия империясының тарихындағы ең ірі жер сілкінісі. 526 жыл. Антиохия.

Тарихшылардың айтуынша, бұл жер сілкінісінен 250 000 адам қаза тапқан. Ол Сирияның іргелес аймақтарын қамтитын Византияның құрамында болған Антиохияда өтті. Жер сілкінісі салдарынан ғимараттар түгел дерлік қирап қалған.

Таншандағы ең жойқын жер сілкінісі

Қытайдың Таншан қаласында 1976 жылы 28 шілдеде жойқын жер сілкінісі болды. Оның магнитудасы 7,8 балға жеткен. Алғашқы соққыдан барлық қала ғимараттарының 90 пайызы қирап қалды. Ресми деректерге сәйкес, табиғи апат 242 419 адамның өмірін қиды. Бейресми деректер бойынша – 655 мыңға дейін кісі опат болған. Адамдардың жан түршігерлік шығыны жер сілкінісінің негізгі әсерінің түнде болғанымен түсіндіріледі. Бұл кезде қала тұрғындарының барлығы дерлік ұйықтап жатқан.

Ақпарат ашық дереккөздерден алынды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу