Әлем жұртшылығы тағы бір әбігерге түсетін болды

Бұған сарапшылар "Жанармай дағдарысы" деген атау қойып отыр.

Әлем жұртшылығы тағы бір әбігерге түсетін болды Фото: canva

Сол себепті, әуе компанияларындағы билеттер қымбаттап, рейс саны едәуір қысқартылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әлемдік әуе тасымалдаушыларының зардап шеге бастауына Иран төңірегіндегі қақтығыс тікелей әсер еткен. Яғни, авиаотын бағасының күрт өсуі себеп болған. 

17 наурыз күні әлемнің ірі әуе компаниялары авиаотын бағасына байланысты шығындардың айтарлықтай артқанын мәлімдеді. Тасымалдаушылар тарифтерді көтеру және маршруттық желіні оңтайландыру қажеттігін алға тартқан. 

Delta Air Lines бас директоры Эд Бастиан наурыз айының өзінде компанияның қосымша жанармай шығындары 400 миллион долларға жетуі мүмкін екенін жасырмады. Оның айтуынша, сала өкілдері шығындардың бір бөлігін жолаушыларға билет бағасын көтеру арқылы жүктеуді қолға алды. 

Мұндай үрдіс American Airlines компаниясында да байқалып отыр. Олар да бірінші тоқсандағы шығындар шамамен 400 миллион долларға артады деп болжаған. Еуропалық әуе тасымалдаушылары да бірден іс-әрекетке көше бастады. 

Еске салайық, Иранға жасалған соққылар басталғалы бері Еуропада авиаотын бағасы екі есеге артса, ал Азияда шамамен 80%-ға көбейген. 

Вьетнам билігі Қытай мен Таиланд тарапынан отын экспортының тоқтатылуына байланысты сәуір айынан бастап рейстер санының азаюы мүмкін екенін мәлім етті. Ал Біріккен Араб Әмірліктері аумағындағы қауіпке байланысты әуе кеңістігін уақытша жапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу