Әлемде АҚШ, Қытай және Ресейдің қатысуынсыз жаңа альянс құрылмақ

333

Ол БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында таныстырылады. 

Әлемде АҚШ, Қытай және Ресейдің қатысуынсыз жаңа альянс құрылмақ Фото: © REUTERS / Yves Herman

Еуроодақ пен Канада P4M ("Көпжақтылық, халықаралық құқық, бейбітшілік пен өркендеу жолындағы серіктестер") деп аталатын жаңа халықаралық бірлестік құрады. Оның ресми таныстырылымы сейсенбі күні Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.

Бұл бастамаға ЕО мен Канададан бөлек Бразилия, Кения, Үндістан және Аустралия қосылды. Альянс ашық форматта құрылып отыр. Болашақта оның қатарын басқа да елдер толықтыра алады.

Қатысушы тараптар халықаралық ынтымақтастықты дамытып, БҰҰ-ның ықпалын арттыруды, сондай-ақ жасанды интеллект, климаттың өзгеруі және пандемиямен күрес сияқты мәселелерде күш біріктіруді көздейді. Бұдан бөлек саяси ұстанымы әртүрлі елдер арасында өзара түсіністік орнатуды мақсат етеді.

Басылымның жазуынша, жаңа топ геосаяси бәсеке шиеленісіп, дәстүрлі халықаралық ұйымдар дағдарысқа тап болған кезеңге тұспа-тұс келіп отыр. Келешекте бұл альянс G20 ұйымына балама болуы мүмкін екені де айтылады.

Бұл ретте ЕО Канадаға одақтың "қауымдасқан мүшесі" болуды ұсынған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу