Әлемде тағы бір елдердің арасы шиеленісе түсті

Бұған Ресейдің Үндістан азаматтарын соғысқа жіберуі себеп болған. 

Әлемде тағы бір елдердің арасы шиеленісе түсті Фото: investindia.gov

BBC Үнді билігі 200 азаматтың 26-сы қаза тапқанын, 7 адамнан мүлде хабар жоқ екенін жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қалғандары майдан шебінде немесе әскери бөлімдерде жүргені айтылған. 

Нью-Дели бұл жағдайға байланысты Мәскеуге ресми наразылық білдіріп, Үндістан азаматтарын әскери қимылдарға тартуды тоқтатуды талап еткен. Сондай-ақ, қаза тапқандардың отбасына өтемақы төлеу және тірі қалғандарды елге қайтару мәселесін көтеріп отыр. 

– Нью-Дели қазіргі уақытта Мәскеумен шамамен 50 үндістандықты елге қайтару жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Осыған дейін Үндістан билігі 100-ден астам азаматтың отанына оралғанын хабарлаған.

Ал Ресей билігі армия қатарына тек өз еркімен қосылғысы келетін шетел азаматтары ғана алынатынын мәлімдеп отыр, – деп жазады BBC. 

Соғыс аймағында жоғалып кеткендердің туыстары ресейлік делдалдар жастарды жоғары жалақысы бар заңды жұмыс пен тұратын орын уәде етіп алдағанын айтады.

Осы жағдайдан соң Үндістан, Непал және Шри-Ланка билігі өз азаматтарын жалған уәделерге сенбеуге шақырды.

BBC дерегінше, бұл оқиға Үндістан-Ресей қатынасындағы ең даулы мәселелердің біріне айналған әрі қос ел арасындағы серіктестікке көлеңке түсіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу