Қос мемлекет қазірдің өзінде арадағы барлық шекара бекетін жапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Екі тарап бір-бірін айыптауды бастап кетті. Таиланд әскери-әуе күштері Камбоджамен шекарадағы аймаққа әуеден соққы жасаған. Елдің Солтүстік-Шығыс өңірлік қолбасшылығы F-16 ұшақтары Камбоджаның екі әскери бөлімшесін жойғанын мәлімдеді. Бүгін шекарада тұтанған қақтығыстан 8 адам ажал құшқаны хабарланды.
Ал Камбоджа қорғаныс министрлігі Таиландты "халықаралық құқықты бұзды" деп айыптап, Преах Вихеар ғибадатханасы маңына екі рет бомба тастағанын растаған. Тиісінше, Таиланд Камбоджаның Сурин провинциясындағы тұрғын үй секторына екі BM-21 зымыранын тастағанын алға тартты.
Соңғы 10 жылдықта Таиланд пен Камбоджа арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түсті. Екі ел құрлықта 800 шақырымда шекараласады. Онда әлсін-әлсін әскери қақтығыс тіркеліп тұрады.
Бір ғана мысал, 2011 жылы екі ел әскері арасында XI ғасырдағы Преах Вихеар ғибадатханасы жанында үлкен қақтығыс болып, 20 адам қаза тапқан еді. Әрі осы жағдайдан соң мыңдаған адамның босып кеткені жайлы ақпарат тарады.