Әлемдегі ең бай адам кім екені анықталды

2149

Ең дәулетті адамдардың тізімін АҚШ азаматтары бастап тұр.

Әлемдегі ең бай адам кім екені анықталды Фото: dzen.ru

Bloomberg агенттігі әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оған сәйкес, X әлеуметтік желісі мен Tesla-ның иесі Илон Маск 235 миллиард доллар байлығымен рейтингтің көшбасшысы атанды. Америкалық Amazon онлайн-ретейлердің негізін қалаған Джефф Безос екінші орында тұр. Оның байлығы 193 миллиард долларға бағаланып отыр. Үштікті  188 миллиард доллар байлығымен Meta корпорациясының басшысы Марк Цукерберг қорытындылады.

LVMH иесі, француз рейтингте Бернар Арно төртінші сатыға төмендеді. Оның 184 миллиард активтері бар. Bloomberg рейтингісіне сүйенсек, әлемдегі ең бай адамдардың тізімін АҚШ азаматтары бастап тұр. 

Bloomberg 2012 жылдың наурызынан бастап Bloomberg Billionaires Index рейтингісін жариялап келеді. Тізімде дүние жүзіндегі ең бай 500 адамның аты аталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу