Әлемді екіге бөлген ең ұзақ соғыстардың бірі ақыры аяқталды

1543

Таяу Шығыста мыңдаған адамның өмірін қиған бір соғысты тоқтатудың сәті түскен сияқты. 

Әлемді екіге бөлген ең ұзақ соғыстардың бірі ақыры аяқталды Фото: АР

Израиль мен Ливандағы "Хезболла" қарулы тобы бір жылдан астам уақытқа созылған атысты тоқтату туралы 60 күндік ымыраны  бүгін таңертең жүзеге асыруға кіріспек. Бітім жобасын тараптарға АҚШ ұсынды.

Мәміленің мәтіні әзірге жарияланған жоқ.

АҚШ президенті Джо Байден келісімді өзі жариялап, оның соғыс қимылдарын біржола тоқтату үшін жасалғанын айтты. Израиль қауіпсіздік кабинеті құжатты мақұлдаған. Ливан премьер-министрі Наджиб Микатидің сөзінше, ымыраны "Хезболла" да қабылдап отыр.

Бұл аймақта атыс былтыр Израиль Газа секторында "Хамасқа" қарсы соғыс ашқанда басталды. Содан бері Ливанда Израильдің шабуылдарынан 3760 адам қаза тауып, 1,2 миллионнан астамы үйлерін тастап кеткен. Ал еврей мемлекетінің солтүстігінде 50 мыңдай тұрғын эвакуацияланып, 100 шақты жауынгер мен 40-қа таяу бейбіт адам мерт болды.

Америкалық делдал Амос Хокштейнмен келісілген құжат 5 беттен және 13 бөлімнен тұрады. Оның негізгі ережелерінің қысқаша мазмұны төмендегідей:

Атысты тоқтату

Соғыс қимылдарын тоқтату сәрсенбі күні жергілікті уақытпен таңғы сағат 4-те (GMT 0200) басталды, деп мәлімдеді Байден.

Ливандағы жоғары лауазымды өкілдердің бір айтқандай, Израиль "Ливан аумағында әскери операцияларды тоқтатуы керек". Солардың ішінде азаматтық және әскери нысандарға, сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерге қарсы құрлықтық, теңіз және әуе күштерімен жасалатын барлық шабуылдар толық доғарылуы тиіс.

Ливандағы қарулы топтар, яғни "Хезболла" мен оның одақтастары да Израильге қарсы Израиль әскері шығарылады

Бітімге сәйкес, Израиль әскері 60 күн ішінде Ливанның оңтүстігінен шығарылады. Ал екі жақта бейбіт тұрғындар біртіндеп үйлеріне оралуы керек.

Ливан шенеуніктері Reuters агенттігіне айтқандай, Ливан израильдік жауынгерлер бітімнің бірінші айында, яғни, тезірек шығарылуын талап етіп отыр. Сонымен қатар, келісімде Ливан мен Израильдің өздерін қорғауға құқылы екені де айтылған.

"Хезболла" солтүстікке ығыстырылып, Ливан әскері шоғыраланды

"Хезболла" жасақтары Ливанның оңтүстігіндегі позицияларын тастап, Израильмен арадағы шекарадан солтүстікке қарай 30 шақырымға әкетілуі керек.

Олардың кетуі жарияланбайды, дейді Ливанның жоғары лауазымды саяси өкілі. Оның айтуынша, бұл топтың әскери нысандары "жойылады", бірақ сол объектілерді "хезболлалықтар" өздері бөлшектей ме және олар шегінерде қару-жарағын алып кете ме? Ол жағы әзірге белгісіз.

Ливан армиясы Израильмен арадағы шекара бойына 5000-ға жуық сарбаз шоғырландырады. Олар атысты тоқтату туралы келісімнің орындалуын 33 бекеттен бақылауы қажет.

"Шоғырландыру – бірінші қиындық. Содан кейін үйлеріне қайтқысы келетін жергілікті тұрғындармен қалай қатынас жасау мәселесі туындайды", – деді дереккөздердің бірі жарылмаған оқ-дәрілердің қаупін ескере отырып.

Израильдің Ливанға соққыларынан 1,2 миллионнан астам адам босқынға айналды. Олардың көпшілігі – Ливанның оңтүстігінен.

"Хезболла босқындардың үйлеріне қайтарылуын басты мәселе деп санайды", – дейді "хезболлалық" депутат Хасан Фадлалла Reuters агенттігіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар мәмілеге сәйкес, Израильдің солтүстігінен қоныс аударған ондаған мың адам да үйлеріне оралуға тиіс.

Бақылау механизмі

Ливан парламенті спикерінің орынбасары Элиас Боу Сааб айтқандай, үлкен қиыншылықтардың бірі –атысты тоқтату режимін бақылау тетіктері.

Ливанның оңтүстігіндегі жағдайды қадағалау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күштері (UNIFIL), Ливан армиясы және Израиль әскері арасында бұрын жасалған үшжақты механизм бар. Енді оларға АҚШ пен Франция қосылып отыр. Саабтың сөзінше, бұл топқа Құрама Штаттар төрағалық етеді.

Байден мен Франция президенті Эммануэль Макронның ортақ мәлімдемесінде көрсетілгендей, Франция мен АҚШ атысты тоқтату туралы келісімнің толық орындалуы үшін бірлесіп жұмыс істемек.

Израильдің біржақты соққылары

Израильдің ескертуінше, егер оған қауіп төнсе және ираншыл топқа қару-жарақ пен техника жіберілгені анықталатын болса, Израиль "Хезболлаға" соққы беруді жалғастырады.

АҚШ өкілі Амос Хокштейн премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға Израильдің Ливанға осындай соққыларды жасай алатынына тікелей кепілдік беретінін айтқан.

Нетаньяхудың өзі де қауіпсіздік кабинетінің отырысынан кейін теледидар арқылы мәлімдеме жасап, келісім бұзылса, Израильдің "Хезболлаға" шабуыл жасайтынын хабарлады.

Израиль Ливан жеріндегі қозғалыстарды бақылау үшін дрондарды пайдаланбақ. Дегенмен, ливандық шенеуніктердің айтуынша, келісімде бұған рұқсат етілмеген және Ливан өз егемендігін бұзудың кез-келген әрекеттеріне қарсылығын білдірмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу