Әлемдік нарықта бидай мен арпаның бағасы өсті

1190

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлемдік нарықта бидай мен арпаның бағасы өсті Фото: canva.com

2024 жылғы егіннің астығы келіп жатқан тұста бағаның төмендеуі кезеңі тұрақты өсу үрдісіне жол берді.

Биылғы шілде айында егін жинау жұмыстары басталғаннан бері Қара теңіздегі ресейлік бидайдың экспорттық бағасы Халықаралық астық кеңесінің мәліметі бойынша 216 АҚШ долларына бағаланды.

Бұл логистика құнын ($90/т) алып тастағанда, қазақстандық бидайдың бағасы 61 мың теңге/т болды деген сөз. Алайда Қара теңіздегі бидайдың бағасы тоннасына 250 долларға дейін немесе теңгемен есептегенде 78 мың теңге/тоннаға дейін өсті.

Экспорттық бағадан кейін Ресей нарығындағы бағалар қымбаттады. Қазіргі уақытта Омбы облысында 23% клейковинасы бар 3-сыныпты бидайдың бағасы 14,5 мың рубль/т құрайды. Көлік шығындарын (2 мың рубль/тонна), кіріс ҚҚС төлеуді ескере отырып, Көкшетаудағы ресейлік бидайдың бағасы 84 мың теңге/тоннаны құрайды.

Қазіргі қазақстандық баға 74-81 мың теңге/тонна кезінде, отандық өндірушілер қолайлы бәсекелестік жағдайға ие.

Орталық Азия елдерінің сатып алушыларының ұсынысы қазір ресейлік баға деңгейіне негізделген 65-70 мың теңге/тонна деңгейінде. Бұл ретте, 23% клейковинасы бар бидай үшін 75 мың теңге/тоннаға дейін өсуге мүмкіндік бар, өйткені бұл нарықтар үшін мұндай бағадағы бидайдың балама жеткізілімі жоқ.

Осыған ұқсас жағдай арпа бойынша да қалыптасуда: Қара теңіздегі экспорттық арпаның ағымдағы бағасы 206 АҚШ долларына дейін көтерілді және одан әрі өсу тенденциясы сақталуда. Бұл ретте қазақстандық арпа қазір Ақтау портында 165-168 доллар/т.

Сондай-ақ кем дегенде 175-185 АҚШ доллары/т деңгейіне дейін өсуге мүмкіндік бар. Бұл жағдайда арпа бағасы тоннасына 47-50 мың теңге/тоннадан кем дегенде 55-60 мың теңгеге дейін көтеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу