"Спортинг", "Манчестер Юнайтед", "Валенсия" клубтарында және Португалия ұлттық құрамасында ойнаған футболшы Луиш Нани бүгін таңертең Ақтөбеге ұшып келді.
Атақты футболшы жергілікті "Ақтөбе" клубымен бір жылдық келісімшартқа қол қояды және клубтың халықаралық деңгейде ілгерілету жөніндегі ойыншы-менеджері қызметін атқарады. Оның ай сайынғы жалақысы ҚПЛ тарихындағы рекордтық көрсеткіш – 70 мың АҚШ доллары (жылына 840 мың доллар) болмақ.
Ал Виктор Мозес қызылордалық "Қайсар" клубымен келісім-шарт жасайды. Ол "Кристал Пэлас", "Уиган Атлетик", "Челси", "Ливерпуль" және басқа да ағылшын клубтарындағы өнерімен кеңінен танымал. Сондай-ақ "Интер", "Фенербахче" және Мәскеудің "Спартак" клубтарының намысын қорғаған. Виктор Мозестің соңғы клубы – "Лутон Таун".