Чемпионаттың ашылу салтанатына танымал боксшылар Рой Джонс, Василий Жиров, Ермахан Ыбырайымов және Серік Қонақбаев қатысты.
Америкалық бокс жұлдызы Рой Джонс спортшыларға қолдау білдіріп, көрермендерге арнап ән шырқады.
Чемпионатқа ерлер 13 салмақ дәрежесінде, ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Жекпе-жектер екі рингте өтеді, әрқайсысы үш минуттық үш раундтан және бір минуттық үзілістен тұрады. Жарыс IBA-ның 10 ұпайлық бағалау жүйесі бойынша өткізіледі.
"Мұндай турнирлер боксшыларымызға жоғары деңгейге көтерілуге және Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік береді. Мен де осындай жарыстарда жұдырықтасқанмын, бұл жерде жеңіске жету үшін мықты дайындық қажет. Жеңіске лайықты спортшылар топ жаратынына сенемін және барлығына сәттілік тілеймін", – деді Бокстан Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы Василий Жиров.
Чемпионатта бақ сынап жатқан спортшылардың өнері жанкүйерлер арасында қызығушылық тудырып, еліміздің үздік боксшылары анықталатын айтулы шара болмақ.