Клубтың аты – "Депортиво ЛСМ", деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Интер Майами" футбол клубының жұлдыздары ашқан команда жуырда Уругвайдың төртінші лигасында ойынын бастамақ.
Marca басылымы клубтың "Депортиво ЛСМ" деп атауын былайша түсіндіреді. Яғни, ол қос футболшы есімінің бас әрібінен құралған (Лионель/Луис – Суарес – Месси).
Осы кезде су жаңа құрылған команда Уругвай чемпионатының төртінші дивизионына қатысуға тас түйін дайын. Мұндай сүйінші ақпартты Луис Суарес әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– Бала күнімнен жақсы көретін, өзім өсіп-өнген Уругвай футболына үлесімді қосқым келеді. Барлық жасөспірім мен балаларға бірегей даму мүмкіндіктері мен қажетті құралдарды ұсынсам деймін. Біздің клуб Уругвай футбол қауымдастығы (AUF) аясында ойнайды. Бұл – отбасымызбен бірге сенім артып отырған жобамыздың алғашқы қадамы, – дейді Суарес.
Жаңа клубтағы Суарестің басты серіктесі – "Интер Майамидегі" әріптесі әрі атақты, аңыз ойыншы Лионель Месси.
– Біз бала кезден бері көптеген сәтті бірге өткіздік, футболда тәжірибе жинадық. Сол себепті мен сіздерге досым әрі әріптесімді таныстырғым келеді. Бұл жоба – футболға деген көзқарасымызбен бөлісуді жалғастырудың тамаша алаңы, – деп пікір білдірген Месси жаңа клуб туралы.