Әңгіме Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс туралы болып отыр.
Қатардың Премьер-Министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман әл Тәни Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлады, деп жазады Еuronews басылымы.
Демек, Қатар бастаған АҚШ пен Мысыр қолдаған бейбітшілік бастамасы жүзеге асқалы тұр. Келісім осы жексенбіде күшіне енеді.
Жаһан жұрты бұдан былай Газа жерінде атыс даусы естілмейді деп сеніп білдіруде.
Әл Тәнидің айтуынша, алғашқы 6 аптада, яғни 42 күнде Израиль Газадан әскерлерін кезең-кезеңімен шығарады. Ал ХАМАС кепілдегілерді (33 Израиль азаматын) босатады.
Алайда The Times of Israel басылымы Израиль Премьер-Министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңсесі келісім туралы ақпаратты жоққа шығарғанын мәлім етті.
Ең дұрысы, әліптің артын бағу!