Әлеуметтік көмек тағайындау кезінде табысты есептеудің тәртібі өзгереді

6510

Мүгедек баланың жәрдемақысы табысқа жатқызылады. 

Әлеуметтік көмек тағайындау кезінде табысты есептеудің тәртібі өзгереді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

Аталған бұйрықтың қазіргі нұсқасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамның табысын есептеу кезінде 16-18 жас аралығындағы мүгедек балалардың алатын жәрдемақысы табыс ретінде есептелмейтін.

"Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

1. Атаулы әлеуметтік көмек;

2. Тұрғын үй көмегі;

3. Жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;

4. Он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

5. Бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

6. Он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

7. Бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар", – деп жазылған құжаттың №8 тармағында.

Ұсынылып отырған түзетуде №8 тармақтың аталған бөлігіндегі "он алты жас" деген сөздің орнына "жеті жас" деген сөз енгізілмек. Яғни әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның отбасында мүгедектік бойынша жәрдемақы алатын бала бар болса, оның жасы 7-ден төмен болса ғана табыс ретінде есептелмейді.

"Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

1. Атаулы әлеуметтік көмек;

2. Тұрғын үй көмегі;

3. Жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;

4. Жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

5. Бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

6. Жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

7. Бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар", – деп жазылған министр бұйрығының жаңа нұсқасында.

Сондай-ақ бұйрықтың қазіргі мәтініндегі №16 тармақта отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде 16 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы табыс болып есептелетіні айтылған:

"- он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

- он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар jтбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасының табысы ретінде ескеріледі", – делінген құжатта.

Аталмыш тармақ жаңа редакция бойынша былай дап жазылмақ:

"- жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

- жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасының табысы ретінде ескеріледі".

Бұйрықтың жаңа редакциясы бойынша отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтын табыс түрлері ретінде кірістің 25 түрі көрсетілген.

"Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", – деп жазылған құжатта. Яғни 19 желтоқсанда бұйрықтың жаңа нұсқасы күшіне енеді..

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу