Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратушы Байқоңырдан ұсталды

7758

Қызылорда өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстық полиция департаментінің бастығының орынбасары Байгелді Байжан "Whats app" әлеуметтік желісімен бейне жазба таратқан адамның Байқоңырда ұсталғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратушы Байқоңырдан ұсталды

Оның айтуынша, Байқоңыр қаласының тұрғыны бейнежазбаны таратқанын мойындаған. Аталған факті бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1- бөлімімен яғни "Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, тектік, топтық, діни алауыздықты қоздыру фактісімен сотқа дейінгі тіркеп-тергеуді бастад

Бұған дейін белгілі болғандай, белгісіз біреу "Whats app" әлеуметтік желісімен бейне жазба таратып, онда "Аралтұз" АҚ-ының Қытайға сатылып кеткендігін, соған байланысты тұз сапасы төмендегенін, өнімде адам ағзасына қатерлі заттар болуы да мүмкін" деген қауесет таратқан.

Соңғы кездері табысты өндіріс орны өзінің сапалы өнімімен Қытай нарығына шығудың жолдарын қарастырып жатқан болатын. Осыған байланысты өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте "Аралтұз" АҚ вице-президенті Нағашыбай Әуезханов тұздың құрамында зиянды заттардың бар екендігін жоққа шығарды.

"Кәсіпорын тұзды қазып алудан бастап, тұтынушының қолына тигенге дейінгі барлық өндірістік өңдеу үдерістерін өзі атқарады. Өнім сапасын бақылайтын арнайы зертханасы бар. Сондықтан тұз сапасының жоғары екендігіне кепілдік беремін",– деді Н. Әуезханов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда зауытта 1200 адам жұмыс істейді. Барлығы жергілікті тұрғындар. Әрі мұнда өндірілетін өнім сапасы жоғары болғандықтан, ТМД аумағы ғана емес, таяу шетелдің де жоғары сұранысына ие.

Брифинге қатысқан облыстық индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Берденова өңірде Қытаймен бірлескен кәсіпорындар бар екендігін жоққа шығармайды. 

Қазіргі таңда Индустрияландыру бағдарламасымен қатар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында екі жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі – қуаты жылына бір миллион тонна болатын тампонажды цемент шығаратын өндіріс орны. Жалпы құны 64 млрд теңгелік зауыт құрылысы үшін мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 50 гектар жер телімі берілді. Қытай тарапымен бірлескен кәсіпорын құрылды. Қытай инвесторлары зауыт құрылысын жалғастыру үшін 7,5 млн АҚШ доллары көлемінде бірінші транштық қаржы аударды. Екіншісі – томат пастасын өндіру жобасы бойынша зауыт құрылысы басталады. Қазіргі уақытта Қытайлық "Кофко" компаниясымен бірлесіп, жер телімін тіркеу, Сырдария өзені суын пайдалануға рұқсат алу жұмысы жүргізілуде. Екі жылда пайдалануға берілетін жобаның жалпы құны – 8,8 млрд. теңгені құрайды.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу