Әлеуметтік желілердегі жеке парақшалар АҚШ визасын алуға қалай әсер етеді

17965

Таяу күндері БАҚ-та 1 маусымнан бастап АҚШ визасын алу үшін сауалнама толтыру ережесі өзгеретіні, нақтырақ айтсақ, үміткер әлеуметтік желілердегі өзінің парақшасы жайлы мәліметті ұсыну керектігі туралы ақпарат шықты.

Әлеуметтік желілердегі жеке парақшалар АҚШ визасын алуға қалай әсер етеді

Іnbusiness.kz тілшісі Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз-атташесі Шон Бодадан мұның мән-жайын түсіндіруді өтінді. 

– Әлеуметтік желілердегі аккаунттарын көрсету туралы жаңа ереже немен байланысты?

–  Көші-қон және көші-қон емес визаны алуға арналған өтінімді іріктеу рәсімін жақсарту туралы шешім АҚШ президентінің сонау 2017 жылдың наурызында қол қойған меморандумның бір бөлігі.

Біз жаңа технологияларға немесе тәуекелдерге бейімделе отырып, өтінімді іріктеу рәсімін үнемі жақсартып отырамыз. Біз үшін Қазақстанның заңға бағынатын барлық азаматтары үшін АҚШ-та кедергісіз саяхаттау мүмкіндігін жақсарту мен қауіпсіздік мәселелері арасындағы тепе-теңдікті сақтау өте маңызды екенін айтқым келеді.

– Нақты қандай ақпарат пен қандай әлеуметтік желілерді сұрататын боласыздар?

– Атауын немесе әлеуметтік желілердегі сәйкестендіргішті сұрайтын боламыз. Мәселен, Қазақстандағы АҚШ елішілігінің парақшасын Instagram-да @usinkz сәйкестендіргіш бойынша табуға болады. Бірақ бұл аккаунттардың паролін сұратпаймыз.

– Үміткердің жеке парақшасындағы ақпарат виза бермеуге әсер етуі мүмкін бе? Егер әсер ететін болса, қандай жағдайларда?

–  Дұрыс айтасыз, бұл тек ақпарат жинау тәсілі ғана. Виза алуға қатысты талаптар еш өзгерген жоқ. Мысалы, консулдық бөлім қызметкері ұлтына, діни ұстанымына, немесе саяси көзқарасына қарап виза беруден бас тарта алмайды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерден алынған ақпаратта қолданыстағы ережелерден ерекшеленбейді.  

Бәлкім, үміткерлер формада көрсетуге тиіс ақпаратты толық көлемде  жазбаса, онда бұл виза бермеуге әкелуі мүмкін.   

– Виза алғысы келетін үміткердің әлеуметтік аккаунттары болмаса?

– Аккаунттың мүлдем болмауы үміткерге виза беруден бас тартуға негіз бола алмайды.

Үміткердің виза алу үшін ұсынған кез келген ақпары АҚШ-тың жеке мәліметтер туралы заңдарымен қорғалады. Әлеуметтік желілерден алынған ақпарат та осы заңмен қорғалады.

Айгуль Тулекбаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу