Үш раунд қорытындысы бойынша рефери Махмұд Сабырханның қолын көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
54 келідегі ел намысын қорғайтын Махмұд Сабырхан финалда Өзбекстан өкілі Шахзод Музфаровпен жолыққан еді.
Үш раунд та қазақстандық боксшының басымдығымен өтті. Бұл – осы Азия чемпионатындағы бокстан ерлер құрамасының алғашқы алтыны.
Мұның алдында 48 келі салмақта қолғап түйістірген Санжар Тәшкенбай өзбекстандық қарсыласына жол берген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу