Алғашқы ойындар тартысты өтеді

1105

Қазақстан чемпионатының кезекті нұсқасы басталмақ. 

Алғашқы ойындар тартысты өтеді

Түркиядағы оқу-жаттығу кезінде мен "Каспий" командасының ойындарын тамашаладым. Қақпаға Белорусь құрамасының қақпашысын алған. Қорғаныста ақтаулық ойыншылар Талғат Кусяпов пен Мақсат Тәйкенов бар. Жартылай қорғанысқа Литва чемпионатының үздігі атанған Вилиюс Арманавичюс деген жартылай қорғаушы шақыртылды. Оның қасында тәжірибиесі шаш етектен келетін Абдуллай Диакате бар. Думан Нәрзілдаев капитан ретінде жігіттерді алға сүйрейді. Қахабер Джумберовичтің командасы негізінен допты ортада ұстауға машық. Георгий Панцулая мен Джамбули Джагаури шабуылды реттеуі тиіс. Оған қоса өткен маусымнан қалған Рубен Бриджидоны қосыңыз. Жалпы алғанда "Каспий" биыл біршама фавориттің жүйкесін жұқартады. Ол анық.

"Ордабасы" командасы қалай күшейгенін айтпасақ та біліп отырсыздар. Бауыржан Исламханның өзі тізімге енді. Суперкубок деген ресми бір матч ойналды. Футболшылар қазір ақтаулықтарға қарағанда ресми ойынның дәмін татып алған. Өз алаңында "Ордабасы" маусымды жеңіспен бастауы тиіс. Демек, менің болжамым бойынша "Ордабасы" жеңілмейді.
"Жетісу" - "Ақтөбе"
Бірінші турда төрешілік жағы әділ болуы тиіс. "Жетісу" жайлы жарытып ештеңе дей алмаспыз. Бұл команданың бірнеше ойыншы алғанын білеміз. Мысалы өткен маусымда "Каспийде" ойнаған Рати Ардазашвили қазір Талдықорған командасының сапында. Ақтаулықтар оны дриблингі керемет болғанымен, шабуылда пайдасы жоқ деп сызып тастады. Илияс Хассани деген ойыншының деңгейі қандай екені бізге жұмбақ. Белорусь жастар құрамасында ойнаған Руслан Теверев деген шабуылшы келіпті. Алмас Жақанұлы Құлшынбаевтың командасы бірінші турды құлшынып ойнайтыны белгілі. Алайда, шеберлік құрғыр жете қояр ма екен?
Себебі, оның қарсыласы "Ақтөбе" биыл бірніші ірі трансфер жасады. Өткен маусымның сұрмергені Андрия Филипович пен Абылайхан Жұмабек. Португалия чемпионатында доп тепкен Эльдер Сантана мен Ыдырыс Ұмаевты қосыңыз. Уго Видеомон мен Бауыржан Байтана екеуі де ТОП футболшылар. Андрей Карповичтің командасы бірден жеңіске жетуі тиіс. "Жас Қыран" стадионында өтетін бұл матчта "Ақтөбе" жеңілмейді деген болжам айтамын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу