Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан U18 құрамасы Венгрияны 4:0 есебімен жеңіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстан U18 - Венгрия U18 4:0 (2:0, 2:0, 0:0)
Голдар:
1:0 - 12:14 / Александр Симахин (пас бергендер: Святослав Евплов, Матвей Умеренков)
2:0 - 15:18 / Даниил Медведев (Симахин, Евплов)
3:0 - 22:29 / Егор Кравченко (Данил Дронов, Арман Толен)
4:0 - 32:21 / Тимур Миндубаев (Руслан Түсіпбеков, Әлихан Бақыт)
Гол соққан төрт ойыншы да "Барыс" клубының жастар командасы – "Снежные Барсы" құрамында ойнайды.
Бұл матчта қақпашы Тәңірхан Алпысбаев 35 соққыны тойтарып, алғашқы "құрғақ" ойынын өткізді. Матчтың үздік ойыншысы болып Александр Симахин танылды.
Екі кездесуден кейін Қазақстан турнир кестесінде 2-орында тұр. Алғашқы ойында хоккейшілеріміз Словенияға буллиттер сериясында 2:3 есебімен жеңілді. Элиталық дивизионға шығу үшін тек бірінші орын иелену қажет.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 23 сәуір күні Астана уақытымен 22:30-да Дания құрамасына қарсы өткізеді.