Бас бапкер Әли Әлиев жасақтаған алдағы екі ойынға қатысатын ойыншылардың тізімі әлі де өзгеруі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еске салайық, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 5 маусым күні Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді. Артынша араға 4 күн салып, 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынында Солтүстік Македонияға қарсылас атанады.
Тізімге енген ойыншылар:
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Александр Заруцкий ("Қайрат"), Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан), Бекхан Шайзада ("Ордабасы");
Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – "Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (екеуі де – "Тобыл"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – "Ордабасы"), Әділбек Жұмаханов ("Елімай");
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Ислам Чесноков (екеуі де – "Тобыл"), Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания), Бақтиер Зайнутдинов ("Бешікташ", Түркия), Айбол Әбікен ("Қайсар"), Серікжан Мужиков, Алмас Төлібай (екеуі де – "Елімай"), Ғалымжан Кенжебек ("Кошице", Словакия), Дамир Марат, Дәурен Жұмат (екеуі де – "Оқжетпес"), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Георгий Жуков ("Пуща", Польша), Муроджон Халматов, Зикрилло Сұлтаниязов (екеуі де – "Ордабасы");
Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Дастан Сәтпаев ("Қайрат"), Алияр Мұхамед ("Оқжетпес"), Дінмұхамед Қараман ("Жеңіс").
Нақты тізім бекітілгенге дейін құрамда өзгеріс болуы ықтимал. Ал нақты тізім ойын басталардан бірер күн бұрын жарияланады. Тиісінше, оқу-жаттығу жиыны 31 мамыр күні Астана қаласында басталмақ.