Әлі бір соғысты тоқтатып үлгермеген Трамп енді Үндістан мен Пәкістанның арасына түспек

АҚШ президенті Үндістан мен Пәкістан арасындағы туындаған шиеленістің тез шешілгенін қалайды.  

Әлі бір соғысты тоқтатып үлгермеген Трамп енді Үндістан мен Пәкістанның арасына түспек Фото: Newsweek

Дональд Трамп мұндай ойы бар екенін Ақ үйде журналистермен сұхбатында растаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС басылымына сілтеме жасап. 

Америкалық көшбасшы Нью-Дели мен Исламабад арасындағы байланыстың күрт өршуіне алаңдаушылық білдіріп отыр. "Қолымнан келсе, тоқтатуға дайынмын" деген пікірін де айтты. 

– Мен олардың тоқтағанын қалаймын. Олар тоқтай алады деп үміттенейік. Соған сенеміз. Егер мен көмектесу үшін бірдеңе істей алсам, сонда боламын, – деді ол. 

Трамп Үндістанды да, Пәкістанды да жақсы білетінін, қос елмен де қарым-қатынасы жаман емес екенін жеткізді. 

– Бұл қорқынышты. Мен екеуімен де (елдермен) тіл табысамын. Мен екі елді де жақсы білемін және олардың осы мәселені шешкенін қалаймын, – деп атап өтті АҚШ президенті.

Айта кетейік, бұған дейін Үндістанның Пәкістанға шабуыл жасағанын жазған едік. 

Қос ел арасындағы шиеленіс өткен айда үндістандық Кашмирде туристерге шабуыл жасалғаннан соң өрши түсті. Пәкістан соңғы шабуылды "айқын соғыс актісі" деп атап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу