Әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы тағы бір қарсыласын сұлатып түсірді

415

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (13-0, 11 КО) соңғы екі жылдағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы тағы бір қарсыласын сұлатып түсірді Фото: olympic.kz

Ол Санта-Инез қаласында өткен бокс кешінде америкалық Антонио Тоддпен (17-10, 9 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Садриддин Ахмедов кәсіпқой мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізсе, Антонио Тодд кәсіпқой рингтегі он бірінші рет жеңіліске ұшырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу