Қазақстандық спортшы Әліби Ыдырыстың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.
ММА-инсайдері Марсель Дорффтың мәліметінше, Әліби Ыдырыс ямайкалық Оде Осборнмен (13-9) кездеседі. Жекпе-жек 21 ақпанда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін UFC турнирі аясында ұйымдастырылады.
Бұған дейін, 2023 жылғы 5 тамызда Осборн тағы бір қазақстандық спортшы – Асу Алмабаевпен (23-3) күш сынасып, екінші раундта жеңіліс тапқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Әліби Ыдырыстың Джозеф Моралеске қарсы өткізген жекпе-жегінде UFC-мен келісімшарт бәйгеге тігілген болатын. Әліби Ыдырыстың UFC 319 іріктеу турниріндегі жеңілісіне қарамастан, ұйым оның мүмкіндіктерін жоғары бағалап, 4 жекпе-жекке келісімшарт ұсынды.