Әлиев, Путин және Пашинян Қарабақ туралы құжат қабылдады

8969

Мәскеу келісімі аймақтағы экономика мен көлік инфрақұрылымы мәселелерін шешуге,  Армения мен Ресей арасындағы теміржол қатынасын ұйымдастыруға бағытталған Әзербайжан, Армения және Ресей басшылары кездесу өткізіп, Таулы Қарабақтың дамуы туралы ортақ мәлімдемеге қол қойды.  

Әлиев, Путин және Пашинян Қарабақ туралы құжат қабылдады

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ереван мен Баку аймақтағы экономика мен көлік инфрақұрылымы мәселелерін шешу үшін Үкімет төрағаларының орынбасарлары деңгейінде жұмыс тобын құруға келісті. Ол сондай-ақ жақын арада осы мәселелер бойынша нақты жоспарларды ұсынатын сараптамалық жұмыс топтары құрылатынын хабарлады.

Қабылданған мәлімдеме бойынша, жұмыс тобы 2021 жылғы 1 наурызына дейін көлік инфрақұрылымының нысандарын қалпына келтіру және жаңа нысандарды салу жөніндегі іс-шаралардың кестесін ұсынады. 

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің көлік коммуникацияларын ашу бастамасы Ереван мен Бакудің мүдделеріне қайшы келмейтінін айтты. "Бұл –аймақтың дамуына үлкен серпін беріп, қауіпсіздікті нығайтатын сала. Себебі көлік коммуникацияларының ашылуы Әзербайжан, Армения, Ресей халықтарының, яғни біздің көршілеріміздің мүддесіне сай келеді. Көршілес елдердің де көлік дәліздерін құруға және көлік артерияларының тармақталған желісін құруға белсенді түрде атсалысатынына сенімдімін", – деді ол.

Еске сала кетсек, Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған еді. 9 қарашада Ресей президенті Владмир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев аймақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, қос тарап бітімге келген болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу