Әлихан Смайылов 2025 жылы қандай мекемелерге аудиторлық тексеріс жүргізілетінін айтты

255

Биыл аудиторлар 23 аудит жүргізген. 

Әлихан Смайылов 2025 жылы қандай мекемелерге аудиторлық тексеріс жүргізілетінін айтты Фото: inbusiness.kz

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов келесі жылға жоспарланған жүргізілетін аудиторлық тексерістер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы 2025 жылға барлығы 41 аудиторлық іс-шара жоспарланған.

"Келесі жылы да бірқатар маңызды аудиторлық тексерулер жоспарлап отырмыз. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігін тексеретін боламыз", – деді Әлихан Смайылов Мәжіліс кулуарында.

Бұдан басқа спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға бөлінген қаражаттың пайдаланылуына да аудит жүргізіліп, жоғары жетістіктер спорты да қамтылады.

ЖАП төрағасы заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың тиімділігі, бірнеше министрліктің жұмысы, 12 өңірдегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметі тексерілетінін де айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу