"Еңбек министрлігі, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру мәселесін пысықтауы қажет", – деді ол Еңбек министріне.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне өзгерістер енгізу, бала күтімі бойынша және жұмыссыз қалғанда берілетін әлеуметтік төлемдерді ұлғайту, Отбасының цифрлық картасы мен Әлеуметтік әмиянды енгізу бойынша жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.
"Қандастарды қоныстандыру саясатын түбегейлі реформалау және ішкі миграцияны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау керек", – деп жалғады Смайылов өз сөзінде.
Жиынтық зейнетақының мөлшерін ұлғайту, әйелдердің зейнет жасын 61 жасқа дейін төмендету және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін зейнетақы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс екенін айтып тоқтады.
Жасын Қалибек