Күрес түрлерінен лицензиялық турнирдің шешуші күнінде Азия чемпионы аса ауыр 130 келідегі Әлімхан Сыздықов жартылай финалда тәжірибелі Қырғызстан балуаны, Азия чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Роман Кимді жеңіп, Праиж олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Бұл — Қазақстан қоржынына түскен 46-шы жолдама.
Осыған дейін 60 келідегі Айдос Сұлтанғали жартылай финалда Тайпей өкілі, Азия чемпионатының қола жүлдегері Жуи Чи Хуангтан басым түсіп, Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алған болатын.
Одан кейін 77 келі салмақтағы ұлттық құраманың тәжірибелі балуаны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев жартылай финалда Оңтүстік Корея балуанын 5:2 есебімен ұтып, Франия астанасы Парижде өтетін биылғы жылдың басты додасына жолдама жеңіп алды.
Өкінішке қарай 67 келіде ел намысын қорғаған Мейіржан Шермаханбет жартылай финалда 2023 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Киотаре Согабеге (Жапония) жол берді.