Әлімханұлы Әлем чемпионы атану үшін салмақ дәрежесін өзгертуге дайын

2461

Соңғы жекпе-жегін ол былтыр күзде өткізген.

Әлімханұлы Әлем чемпионы атану үшін салмақ дәрежесін өзгертуге дайын

Орта салмақ бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әуесқой бокстан Алматыда өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы, Инчхондағы Азия ойындарының жеңімпазы, Амманда өткен Бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. Ол Әлем чемпионы атану үшін 72,5 келі салмақтан 76,2 келіге ауысуға және кіммен, қай салмақта болса да шаршы алаңға шығуға дайын екенін мәлімдеді.
"Қазір 168-дегі WBC чемпиондық белбеуі бос тұр. 160-та ешқандай чемпион шықпаса, салмақты көтеріп сол вакант титулға жұдырықтасуға дайынбыз. Кіммен және қай салмақта болса да бізге тезірек чемпион болу керек. Мақсатымыз сол. Уақыт келді. Біз дайынбыз. Қазақ еліне +1 чемпион керек!", - деп жазды өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Жәнібек 28-наурыз күні Канадада өзінің WBC Continental Americas және WBO Global атақтарын қорғап қалу үшін Исса Самирмен (18-0, 15 КО) кездесу өткізуі тиіс болатын. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты жекпе-жек өтпей қалды.
Қазақстандық боксшы соңғы рет шаршы алаңға былтыр күзде АҚШ-тың Калифорния штатында канадалық боксшы Альберт Онолуносеге (24-3-1, 8 КО) қарсы рингке шыққан. Жекпе-жекте Жәнібек қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.

Ермұхамед Мәулен

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу