Әлішер Әпсәлямов: ТОП клубтар қызығатын футболшыларымыз бар

1209

ФК "Атырау" басшысы Әлішер Әпсәлямов биыл тағы да бірнеше талантты ойыншы дайындап отырғанын айтады.  

Әлішер Әпсәлямов: ТОП клубтар қызығатын футболшыларымыз бар

- "Атырау" командасы өткен жылы Андрия Филиповичті алды. Ол бомбардир болды. Қазір "Ақтөбеге" ауысты. Хусрав Тоиров "Шахтер" Донецк клубына ауысты. Осындай мықты ойыншыларды қайдан тауып алып жатсыздар?

- Біздің клубта болған уақыт ішінде екі ойыншы да өздерін тамаша көрсетті. Футбол алаңында да, одан тыс жерде де. Екеуі де тәртіптілігімен, клубтың барлық қызметкерлеріне мұқият болуымен ерекшеленді. Бұл ойыншыларды қалай табамыз? Біз ойыншыларды іздеу кезінде кәсіби скаутингке, Қазақстанда және шетелдік клубтарда жұмыс істеген кезде алған дағдыларымызбен тәжірибемізді пайдалануға тырысамыз. Бұл ұзақ процесс. Біз футболшыларды іріктеу кезде нақты критерийлерін анықтаймыз: қаржылық жағынан, Қазақстанға кіруге визалық шектеулер, қандай тілдерді білетінің және т.б. көрсеткіштерге дейін бақылаймыз. Өткен жылы біз өз дерекқорымызды жасадық, оны үнемі жаңа ойыншылармен жаңартып отырамыз. Әрине, шексіз қаржылық ресурстарға ие бола отырып, сіз қымбат ойыншыларды шақыра аласыз, дегенмен, біз біз ұстанатын қаржылық тәртіпті нақты түсінеміз.

- Сондай ойыншылар өзге клубтарға кетті. Енді биыл олардың орнына тағы да қандай мықты ойыншыларыңыз бар?
- Әрине, чемпионатымыздың сәні болған Филипович, Тоиров сынды ойыншылардан айырылғанымыз – көзге көрінетін шындық. Алайда, бүгінде "Атырау" ФК Филиповичке түскен ұсыныстарды қайталай алмайды. Соған қарамастан, Андрия жоғары орындар үшін таласатын клубқа ауысты, оған сәттілік тілейміз. Тоировқа келетін болсақ, бұл біздің чемпионат үшін айтарлықтай жаһандық трансфер. Қазақстандық клубтан Шығыс Еуропаның үздік клубтарының біріне ауысуы - өскелең ұрпақ үшін жақсы ынталандыру. Осындай ойыншылардан айырылғанымызға қарамастан, клуб белгіленген тәртіп бойынша жұмысын жалғастыруда. Кейбір ойыншылар – өзге клубтарда жалда жүрді. Солардың біршамасы оралып, командаға қайта қосылды. Өткен жылы енгізген тәжірибеміз: бірінші лига командаларына болашағынан үміт күттіретін қазақстандық ойыншыларды тұрақты жаттығуға жіберу – бұл Әділбек Жұмаханов, Наурызбек Жагоров, Мұқағали Пангерей. Сонымен қатар, команда әр позиция бойынша нығайды, жаттықтырушылар құрамымен бірге керек футболшылар анықталды. Маңызды сәттердің бірі - команданың негізгі тірегі сақталып қалғанын атап өткім келеді. Көбінесе іс жүзінде қазақ клубтары құрамын 70-80 пайызға ауыстырады. Құрамында тұрақтылық жоқ. Біз 2022 жылғы маусымнан бірнеше негізгі ойыншыларды қалдырдық: Матеус Бисси, Сослан Такулов, Домантас Антанавичюс, Демир Имери, біздің команданың көшбасшыларының бірі – Амандық Нәбиханов.

- Эффионг деген шабуылшы мен Якуб Новак деген жартылай қорғаушы туралы айтсаңыз.
- Эффионг - соңғы екі маусымда Дания чемпионатында ойнаған, физикалық тұрғы жағынан мықты шабуылшы. Неліктен оған таңдау түсті? Біздің чемпионаттың ерекшелігін ескерсек, әр допқа таласа алатын мықты шабуылшының болуы өте маңызды. Екіншіден, Данияда ойнаған кезде ойыншының суық ауа райында және жасанды алаңда ойнау тәжірибесі болды, бұл да біздің чемпионаттың ерекшелігі, мұнда әрбір екінші ойын жасанды алаңда өтеді. Біздің чемпионатта өзін көрсетуге толық мүмкіндігі бар жақсы әрі жас ойыншы.

Якоб Новак – Словенияның барлық жасөспірімдер құрамасында ойнаған футболшы. Жақсы қасиеттері бар ойыншы. Словенияның екі дүркін чемпионы. Бұл ойыншыға еш күмәніміз жоқ және "Атырау" ФК жанкүйерлері Новакты лайықты бағалайды деп сенеміз.
- "Атырау" командасы биыл қандай мақсат қойып отыр?

- Маусымдағы міндеттерімізге келетін болсақ: егер біз негізгі құрам туралы нақты айтатын болсақ, әрине, міндет 2022 жылға қарағанда жақсырақ өнер көрсету. Бұл біздің клуб басшылығындағы екінші маусымымыз екенін ескерсек, турнир кестесін де жақсартамыз деп күткен дұрыс. 2023 жылғы маусымның соңында біз өз клубымызды бірінші таймда, яғни чемпионаттың алғашқы жеті команданың қатарында көргіміз келеді. Бұл ретте инфрақұрылым, футбол орталығының мәселелеріне назар аударуды ұмытпаймыз. Біздің басты міндеттеріміздің бірі – балаларымызға жағдайды жақсарту. Өткен жылы футбол орталығының тәрбиеленушілеріне арналған киім ауыстыратын бөлмелері жөнделді, жасанды жабындысы бар спорт залы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, өткен айда спорт зал бірінші құрамдағы ойыншылардың да, жастар құрамасының да игілігіне айналмақ. Біздің алдымызда жас футболшыларымыз үшін халықаралық турнирлердің санын көбейту міндеті тұр – егер 2022 жылы халықаралық турнирлерде Атыраудың намысын екі команда қорғаса, 2023 жылы біз халықаралық турнирлер санын кем дегенде 3 турнирге дейін ұлғайтуды міндетін қойып отырмыз.

- Сұқбатыңызға рахмет!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу