Еркін күрестен қазақстандық Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
97 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз әлем және Азия чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновке есе жіберді. Есеп: 2:14.
Әлішердің Олимпиадада күресу мүмкіндігі әлі сақталуда. Егер Тажудинов финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу