Әлішер Жұмақан велотректен Әлем кубогінде үздік ондыққа енді

132

Қазіргі таңда Гонконгта велотректен Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр. 

Әлішер Жұмақан велотректен Әлем кубогінде үздік ондыққа енді Фото: ҰОК

Ерлер арасындағы "омниум" сайысында Қазақстан құрамасының өкілі Әлішер Жұмақан үздік ондыққа енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыс қорытындысы бойынша Жұмақан тоғызыншы орын алды.

Алтын жүлдені нидерландтық Филип Хейнен жеңіп алды. Екінші орынды жапониялық Кадзусигэ Кубоки иеленсе, британиялық Мэттью Босток қола медальға қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу