Әлия Юсупова енді ұлттық құраманы жаттықтырмайды

Ол 2012 жылдан бері осы қызметті атқарып келген. 

Әлия Юсупова енді ұлттық құраманы жаттықтырмайды Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Данқты спортшы бұл шешімі арқылы басқа бапкерлерге өзін көрсетуге мүмкіндік беруді жөн көрген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көркем гимнастикадан елдің ең танымал тұлғасы Әлия Юсупова ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткенін жариялады. 

– 2009 жылы спорттық мансабымды аяқтаған соң, бапкерлік қызметте сынап көргім келді. Өзім дайындаған гимнастты Олимпиадаға шығарып, сол ойындарға бапкер ретінде қатысуды мақсат еттім. 2012 жылы маған осындай мүмкіндік беріліп, Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне кірістім. Үш Олимпиада да біз жақсы нәтижелер көрсете алдық. Үш рет гимнасттарды Олимпиадаға дайындағаныма өте қуаныштымын. Мұндай жауапты қызметте маған сенім артқаны үшін елге, басшылыққа алғысымды білдіремін. 2025 жылдың қаңтарынан бастап бас бапкер қызметінен кетемін, өйткені федерациядағы жұмысқа толықтай көңіл бөлгім келеді. Осылайша, басқа бапкерлерге өзін көрсетуге мүмкіндік беруді жөн көрдім. Баршаңызға сәттілік тілеймін, – деді Ә.Юсупова.

Әлия Юсупова – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және еңбек сіңірген бапкері. Ол екі рет Олимпиада ойындарына қатысты. 2004 жылы Афинада жүлдеге қол созым жерге жетсе, 2008 жылы Бейжіңде 5-орын алды. Оның жетекшілігімен үш спортшы Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Әлия Юсупова "Ерен еңбегі үшін", "Әлемдік деңгейдегі гимнаст" медальдарымен және "Құрмет", "Парасат" ордендерімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу