Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

179

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігінде грек-рим күресінің балуаны Алматбек Аманбек үздік шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды Фото: uww.com

Отандасымыз шешуші белдесуде Иран балуаны  Мохаммад Резаиді мерзімінен бұрын жеңді. Кездесудің алғашқы кезеңінде парсы балуанының партердегі қателігін оңтайлы пайдаланған Алматбек құрлық біріншілігінің алтынына қол жеткізді.

Әзірге грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасы Азия чемпионатында 3 жүлде иеленіп үлгерді. Турнирдің үшінші жарыс күнінде 82 келіде Ибрагим Магомадов қола жүлде үшін күресте Қытай балуанынан басым түсті. Сонымен бірге, кеше 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Айта кететін жайт, классик балуандар арасында Ербол Камалиев (60 келі) пен Қаһарман Қисметов (77 келі) қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, чемпионатты бесінші орынмен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу