Алматы 2025 жылға қарай іскерлік, зияткерлік және мәдени орталыққа айналады

826

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасы қоғам өмірінің барлық салаларын қамтыды. Бұл туралы Алматы қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде хабарлады.  

Алматы 2025 жылға қарай іскерлік, зияткерлік және мәдени орталыққа айналады

"Алматы ақшамы" газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбайдың айтуынша, Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасы – қазіргі заманның жаңа сын-қатерлеріне тиімді жауап. Сайлауалды бағдарламаның нақты белгіленген мақсаттары мен бағыттары мегаполистің қазіргі жағдайдағы даму үрдістері мен перспективаларын көрсетеді.

Бағдарлама экономикалық өсуге және азаматтардың барлық санаттарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты шаралардың тиімді кешенін ұсынады. Онда алдағы бес жылдықтың саяси және әлеуметтік-экономикалық күн тәртібі тұжырымдалған. Білім беруге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қамсыздандыруға, отбасыларды, әйелдерді, жастарды, аға буын адамдарды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте Сайлауалды бағдарламаның әрбір қадамы, оның әрбір жобасы қаржылық тұрғыдан нығайтылып, қаланың мүмкіндіктерімен үйлесім тапқан.

Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау бағыттарын түсіндіре отырып, "№169 мектеп-лицейі" КММ директоры Гүлжан Бекенова Алатау ауданының "Бақытты отбасы" әлеуметтік қолдау орталығы базасында бүгінгі таңда табысты іске асырылып жатқан және көпбалалы аналарды қолдауға бағытталған "Іскер ана" жобасын мысалға келтірді. Биыл мұнда ауданның 25 мыңға жуық тұрғыны түрлі шеберлік курстарында оқыды. Қиын жағдайға тап болған көптеген әйелдердің өмірі біздің көз алдымызда өзгеріп отырады. Қиындықтарға қарамастан олар өздеріне сенеді, жаңа дағдыларды игеруге күш пен уақыт табады және өз еңбегімен тиісті деңгейге жетеді. Мысалы, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады және көпбалалы отбасылардан шыққан 888 адам 555 мың теңгеге дейін грант алды. Оның ішінде 557 адам өз ісін ашты. Тағы 203 көпбалалы ана жалпы сомасы 406 млн теңгеге 5 млн теңгеге дейін грант алды.

"Елбасының саяси тірегі болып табылатын Nur Otan партиясы халықтық сенім мандатын алып, алдағы уақытта да қазақстандық қоғамның тұрақтылығын және оның серпінді дамуын қамтамасыз ететініне сенімдіміз", – деп атап өтті "ЕРКЕ-НҰР" ЖШС директоры Фарида Мерхамитқызы.

Nur Otan партиясына дауыс беріңіз!

Nur Otan партиясы Алматы қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу