Алматы әуежайы маңындағы жерді заңсыз сатқан шенеуніктер сотталды

1180

Жердің заңсыз сатылғаны Bek Air ұшағы құлаған соң анықталған еді.  

Алматы әуежайы маңындағы жерді заңсыз сатқан шенеуніктер сотталды

Алматы облысының Талғар аудандық соты Алматы әуежайы маңындағы жерді заңсыз сатты, деп айыпталған бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта кетейік, 2019 жылғы желтоқсанда заңсыз берілді деген жерде Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған еді. 

Сот Талғар аудандық жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығының бұрынғы бастығы Жарас Машимбаевты 7 жыл мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығын шектеді. Бірақ 2016 жылдан бастап Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылықты ескере отырып, оған 3 жыл тағайындалды.  

Талғар ауданы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Рустам Тұрысбеков 5,6 жылға бас бостандығынан, 7 жыл мерзімге мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айырылды. Бірақ рақымшылықты ескере отырып, оған 4,1 жыл жаза тағайындалды.  Сот оны сот залында қамауға алу туралы бұйрық шығарды. Сотталушы қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді. 

Бұрынғы Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы аймақтық филиалының бастығы Медеу Қалыбеков 4 жыл бостандықты шектеді, бірақ рақымшылықты ескере отырып, оның жазасы 3 жылға дейін қысқартылды. 

Бұрынғы  Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы Талғар аудандық филиалының жерге орналастыру секторының меңгерушісі Берік Абдуллаевқа 4,5 жыл бостандық шектелді, рақымшылық жасауына байланысты оған 3 жыл шектеу тағайындалды. 

Талғар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Қайрат Алтынбекұлын 6 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте орналасу құқығынан және 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Рақымшылықты ескере отырып, ол 3 жылға сотталды.  Сот оны залда қамауға алу туралы бұйрық шығарды.

Риэлтор Нұрайым Алданышқа 2,6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұған дейін прокурор айыпталушыларға 4 жылдан 6 жылға дейін жаза кесуді сұраған.

Прокурордың айтуынша, олардың кінәсі құжаттармен, Алматы әуежайының жанындағы аумақта тұрғын үй түріндегі заңсыз ғимараттармен, сондай-ақ куәгерлердің айғақтарымен расталды.

Сотта Bek Air өкілдері әуежайға жақын жерде салынған ғимарат ұшаққа кедергі болды деп мәлімдеді және егер ол болмаған жағдайда адам шығыны болмауы мүмкін еді.

Ұшақ апатынан кейін жердің заңсыз сатылуы туралы тексеру жүргізіліп, ел билігі назарына ілінген. Тексеруден кейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің билігі Bek Air ұшағы құлаған Алматы әуежайына жақын жерде тұрғын үй құрылысына заңсыз рұқсат берген, деп мәлімдеді. 

Айта кетейік, Bek Air әуе компаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Fokker-100 әуе кемесі 2019 жылдың 27 желтоқсанында әуежайдан көтерілгеннен кейін жерге құлдилап, үйге соғылып тоқтаған. Апаттан 12 адам, оның ішінде әуе кемесінің командирі қаза тауып, 67 адам жарақат алды.  Бортта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу