"Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекске сәйкес, дәрігерлерге өзінің кәсіби міндеттерін жеткілікті деңгейде орындамады деген айып тағылып отыр. Бұл тексеру бастан-аяқ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілуі керек. Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасы бар. Біз де, басқа мемлекеттік органдар да жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.
Толыққанды сараптама жасалып, өлімнің себебі анықталатын болады. "Дәрігерлер тарапынан қателік кетті ме", "өздерінің кәсіби міндеттерін жеткілікті деңгейде орындамағандары рас па" деген сауалдарға жауап берілуі тиіс. Біз қателік болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ бұл жерде денсаулық сақтау министрлігінің тексеру жүргізетін құзіреті жоқ", – деген Елжан Біртанов дәрігерге қатысты бұлтартпау шарасының дөрекі жүргізілгенін айтты.
"Құқық қорғау органдары бар. Бас прокуратура да назарда ұстап отыр. Медицина қызметкерлері бұлтартпау шараларының жөнсіздігіне наразылық танытып жатыр. Мен де қосылам. Біз дәрігерлер жұмыс орнында бұлтартпаудың бас бостандығынан айыру түріндегі шетін шараларын қолданудың қажеті жоқ еді деп ойлаймыз. Мемлекет басшысының бұл оқиғаға назар аударғанына қуандық. Біздің ұстанымымыз айқын. Барлық мәселе эмоциясыз шешілуі керек. Егер дәрігерлердің кінәсі дәлелденсе, сот шешім шығарады", – деді министр.
Есімжан Нақтыбайұлы